2009 жылы Ортағасырлық Сығанақ қаласында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары
Ортағасырлық Сығанақ қалашығында археологиялық қазба жұмыстарын 2003 жылы А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Сығанақ археологиялық экспедициясы бастаған болатын. 2003 жылы қалашықтың шығыс бөлігінде №1 және №2 қазбалар, ал 2004 жылы қалашықтың солтүстік бөлігінде №3 (кесене) және оңтүстік- шығыс бөлігінде №4 (мешіт ханака) қазбалар салынған.
ХҚТУ САЭ-сы 2009 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2009-2011 жылдарға жариялаған Республикалық «Мәдени мұра» гранты бойынша Сығанақ қаласының орталық және батыс бөліктерінде далалық зерттеу жұмыстар барысында екі (№5-6) қазбалар салды.
№5-ші қазба Сығанақ қалашығының орталық алаңының оңтүстік бөлігінде орналасқан төбеде салынды. Орталық алаң-қаланың оңтүстік-батыс жағында, шығыс қақпадан кіретін көшенің тірелетін жерінде орналасқан. Осы алаңнан кеше батысқа қарай өтсе екінші көше алаңнан солтүстікке қарай өтеді. Сонда қазан шұңқыр болып жатқан күйдірілген кірпіштен жасалған тебе болып жатқан ғимараттың орнына қазба жұмысы жүргізілді. Күйген қыш сынықтары мен топырақ аралас төбенің сыртқы көлемі 23x23 м болып кеген. Алғашқы қазба жұмысы осы төбенің солтүстік-батыс етегінен бастап салынды. Алғашқы кезде аумағы 10x10 м келетін жер аршылып, қазба барысында күйдірілген қыш сынықтары, сондай-ақ көлемдері 25x25x4,8-5 см келетін бүтін кірпіш аралас құланды қабаты ашыла бастады. Құрылыс жобасын анықтау мақсатында қазбаның орта тұсынан ұзындығы 5 м, ені 1 м келетін екі (солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа және солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай бағытталған) кесінді салынды. Соның нәтижесінде 1,1 м тереңдіктен 2-4 қатар болып келген қабырға қаландысы ашылды. Қабырға күйдірілген қыштардан қаланған, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай бағытталған. Ал, 1,3 м тереңдіктен бір қатар қыштан қаланған қабырға қаландысы және еден ашылды. Еден қалыңдығы 5-8 см болып келеді. Қазба алаңының аумағы солтүстік-шығысқа қарай тағы 6 метрге және оңтүстік-батысқа қарай 4 метрге кеңейтілді. Нәтижесінде қазбаның солтүстік батыс бөлігінен күйдірілген қыштан салынған солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа бағытталған құрылыстың бұрышы анықталды. Бұл бұрыштағы қаландының биіктігі кей жерлерінде 4 қатар, кей жерлерінде төменгі жалғыз қатар ғана сақталған. Сонымен қатар қазбаның солтүстік бұрышынан күйдірілген қыштан 3-3 қатардан тұратын яғни 75x75 см, биіктігі үш қатар жеке тұрған қаланды ізі анықталды. Бұл бағана-тіреуіштің орны болуы ықтимал.
Қазбаның 20 метрлік енін сақтай отырып оңтүстік-шығыс бағытта жалғастырдық. Қазба барысында жоғарыда аталып өткен 75x75 см «бағананың» оңтүстік шығысынан 7-9 қатардан тұратын қаланды орны анықталды. Бұл құрылыстың алдыңғы, яғни, солтүстік-шығыс беті тегіс қаланған, ал жартылай сақталған артқы бөлігінен айналма баспалдақтың қаландысы анықталды. Сондай-ақ құрылыстың осы бұрышына кезінде қосалқы тіреу қаланды салынған. Өйткені бұл қаландының төменгі жағы негізгі құрылысқа байланыссыз бөлек қаланып, жоғарғы жағы бірігіп кеткен. Соған қарағанда негізгі ғимаратқа құлау қауіпі төнген кезде қосалқы тіреу салынған болуы мүмкін.
Қазбаның оңтүстік-шығыс бұрышынан айналма баспалдақ қаландысына ұқсас құрылыс ізі байқалды. Дегенмен бүл бұрыштағы қаланды нашар сақталған, биіктігі 4-5 қатардан ғана тұрады. Сонымен катар ғимараттың жалпы алдыңғы бөлігі басқа бөліктерге Қарағанда қатты шөккен. Сол себептен қосалқы тіреуіш салынған. Бұл құрылыстың алдыңғы бөлігі айналма баспалдақтары бар қос мұнаралы, порталды ғимарат болған деп жорамалдауға себеп болып отыр. Осы ғимараттың кіре беріс, алдыңғы солтүстік-шығыс бөлігінен үлкен «алаң» орны ашылды. Алаңның бір қатар күйген кірпішпен төселген кейбір бөліктері жақсы сақталып қалған. Қаландының оңтүстік-шығыс, яғни, артқы бөлігінен ішкі жағының төртбұрышты жобасы анық сақталған құрылыс ізі анықталды. Бұл ғимараттың оңтүстік-батыс қабырға қаландысы ғана толық сақталған және орта тұсында «михраб» тәріздес ойық ізі бар (1-сурет). Жалпы ашылған құрылыстың аумағы 20x16 м.
Ғимараттың сыртқы бөлігінің жобасын дәл анықтау мүмкін емес, әйтсе де құрылыстың сақталған бөлігіне Қарағанда бұл ортағасырлық «төрт құлақты» мәтінде салынған құрылыс болуы ықтимал. Сондай-ақ бүл ғимараттың 5 қатар қаландыдан тұратын бұрыштарының калыңдығына қарағанда күмбезді құрылыс болған сияқты. Сипатталып өткен негізгі құрылыстың солтүстік-батыс бөлігінде жапсарлана салынған қосалқы құрылыстың ізі байқалғанымен, оның жобасын анықтау қиын болып отыр. Қазба кезінде ғимарат толық немесе жартылай құлағаннан кейін бұл жердің кірпіштерін мүмкіндігінше толық бұзып алып кеткен. Келесі жылы бұл ғимараттың алдындағы алаңын және шығыс бөлігін толық ашып көрсету жоспарланып отыр.
Қазба барысында бояусыз керамикалық ыдыстарының бөлшектерінің табылған саны 200 ден астам. Керамикалық ыдыстардың құрамының негізін құмыралар, тегенелер, орта кеселер және құтылар құрайды. Солардың ішінде керамикалық ыдыстың пішінін анықтауға мүмкіндік беретін бөлшектерінің саны 29. Олардың ішінде 6 ыдыстың ернеуі, 2 ернеуімен тұтқасы, 9 ыдыстың түбі, 2 ыдыстың шүмегі, 1 ыдыстың қақпасы, 9 ыдыстың тұтқалары. Ал, бояулы керамикалық ыдыстарының тек сынық бөліктері табылды. Жалпы саны 110-нан астам. Саз балшығының сапасы жоғары. Қоспалары байқалмайды. Күйдіру сапасы біркелкі. Түсі қызғыш, сары қызыл және сары. Керамикалық ыдыстары екі жағынан да сырланған. Ақ. ақшыл-көк, аспан көк, көк және жасыл бояумен бояған. үстінен көк, қара бояумен өсімдік тәрізді өрнектер салынған (2-сурет) [1,15-27 б.].
№6-шы қазба қалашықтың солтүстік-батыс бөлігінде (қамал бекінісінің орнында) салынды, қазба аумағы 14x4 м (3-сурет). Қазбаның орнын таңдаған кезде топырақты қала сыртына шығару және кейіннен оны жүк машинасымен шығарып тастау мәселесі ескерілді. Қазба барысында 2 м тереңдікке жеттік, яғни 4 ярус ашылды. Қызбаның нәтижесінде жоғарғы қабатынан (0,2 м ден 0,5 м дейін) топырақ аралас күл шықты. Онан төменгі қабатында бірінші құрылыс қабаты аршылды (0,5 м ден 0,9 м дейінгі биіктік). Екі бөлме ашылды. Бірінші бөлме көлемі 3x4 м. Ашылған қабырғалар қалдықтары кесектерден қаланған, олардың көлемі 28x10x12 см. Қабырғалардың сақталған биіктігі 0,1 -0,2 м. Бөлменің оңтүстік бұрышында бір-бірінің үстінде орналасқан екі тас табылды. Жоғарғы жағында орналасқан тас жобасында созыңқы бесбұрышты болып келген. Өңделген тас көлемі 0,5x0,45x0,2 м. Оның төменін де орналасқан тас алғашқы тасқа ұқсас. Бұл тас қол диірмен жасауға арналған болуы мүмкін. Екінші бөлме бірінші бөлменің батысында орналасқан, оның шартты түрде алынған көлемі 4x5 м. Бөлме еденіне көлемі 24x24 см болып келген күйдірілген қыштар төселген. Батыс бұрышында ошақ ашылды. Ошақ күйдірілген қыштан қаланған, оның диаметрі 1 м, ішкі ені 0,6 м. Бөлменің оңтүстік бұрышы едені тастардан төселген, бөлменің ортасында ташнау ашылды. Бұл шаруашылық болме болуы мүмкін. Қазба барысында шаруашылық ыдыстар, құмыра, құты, тағара сынықтары табылып, боялған ыдыстар арасында кесе сынақтары кездеседі.
Ошақтың солтүстік - шығыс жағынан күл-қоқыс тастайтын шұңқыр шықты. Осы шұңқырды тазалау барысында бүтін керамикалық ыдыстар шықты. Сонымен бірге көптеген сынықтары да табылды. Бірінші құрылыс горизонтынан табылған керамикалық бұйымдары осы қабаттың тіршілік жасаған кезеңін анықтауға мүмкіндік туғызды.
Керамикалық бұйымдардан басқа тастан жасалған бұйымдар табылды. Соның ішінде қайрақ тастар және диірмендер. Сонымен бірге қазба барысында көптеген сүйек қалдықтары да табылды. Сыртқы қамал қабырғасының пішіні анықтала бастады. Сыртқы қамал қабырғасы негізінен пахсадан тұрғызылған.
I құрылыс горизонтының бояусыз керамикалық бұйымдар кешенің құмшалар, тұтқалы құмыралар, құмыралар, құтылар. құмдар құрайды, ал бояулы керамикалық кешенің боялған орта кесе, тағара, тостақ сынықтары құрайды. Орта кеселер шарық шеңберінде жасалған, диаметрі 7-11 см, түптер негізінің биіктігі 6-7 мм. Орта кеселердің түптері ақ, аспан көк, көк және жасыл бояумен сырланған. Көбінесе ақ түсті бояудың үстінен өрнектер салынған. Өрнектер өсімдік, геометриялық және аң стилінде жасалған (3-сурет).
Өрнектердің бірінші тобы өсімдік стильде салынған. Кесенің түбі айналдыра қоңыр түсті бояумен ені 3 мм сызықшамен көрсетілген. Оның астынан көк түсті бояумен және қалыңдығы 4-5 мм сызықшамен безендірілген. Осы көк түсті бояумен жасалған шеңбердің іші диаметрі бойынша бір-бірімен крест ретінде салынған екі сызықша салынған. Шеңбер осылардың арқасында төрт бөлікке бөлінген. әр бөлігінде жылан секілді қоңыр түсті бояумен ирек сызықшалармен өрнек салынған.
Екінші тобының өрнектері де өсімдік стилінде салынған. Түбін айналдыра қоңыр және көк түсті бояумен бірнеше сызықшалар көрсетіп тұрады. Осы шеңбердің ішіне жапырақ тәріздес ашық көк түсті бояумен өрнектер салынған.
Үшінші тобына көбінесе көк, жасыл және аспан көк бояумен сырланған орта кеселердің түптері кіреді. Көбінесе өрнектелмеген. Бірақ кейбіреулерінде тура ортасында қара түсті бояумен екі сызықша салынған.
Төртінші тобына көбінесе көк немесе жасыл түсті бояумен сырланған орта кеселердің түптері кіреді. Түптеріне өрнектер салынбаған (4 сурет-д).
Екінші құрылыс горизонты III-IV ярустарды қамтиды (4-сурет). Бұл кезеңнің құрылыс қалдықтары өте нашар сақталған. Күл қоқыстың қабатына қарай осы құрылыс кезеңін анықтауға ғана болады. Қазба барысында бұл қабаттан да бірнеше керамикалық ыдыстардың сынықтары табылды. Осы керамикалық ыдыстардың бөліктері осы қабаттың хронологиясын анықтауына мүмкіндік туғызады.
Бояусыз керамикалық ыдыстар кешенің құмдар, тегене, құтылар, құмшалар, кұмыра сынықтары құрайды. II құрылыс горизонтының бояулы керамикалық кешенің шарықта жасалған ыдыстар құрайды. Орта кеселердің түптері ақ, сұр, аспан көк, көк және қоңыр бояумен сырланған. Керамикалық ыдыстардың түптері екі түрлі болып келеді. Бірінші тобына өрнектелмеген түптер жатады. Олар ақ, сұр, көк және қоңыр түсті бояумен сырланған. Ал түптерінде өрнектері бар ыдыстарда көбінесе ақ, көк түсті бояудың үстінен өрнектер салынған. Өрнектер көк, қоңыр және ашық жасыл түсті бояумен өсімдік. геометриялық стилінде араласып салынған. Өрнектердің мазмұны - спираль тәрізді шеңберлер, шаңырақ, күн тәрізді бейнелер мен мотивтерде салынған.
II құрылыс горизонтының керамикасының кешені Отырар, Сайрам, Ташкент, Самарканд, Хорезм және Фергана қалаларының XV-XVIII ғғ. керамикалық ыдыстарына сәйкес келеді [2; 3; 4].
Қорыта келгенде қаланың орталық бөлігінде, шығыс қақпадан келетін қаланың үлкен көшесінің бойында орналасқан бұл ғимараттың орталық алаңының оңтүстік жағында салынған негізгі құрылыстың жобасына қарағанда мешіт орны екендігі айқындалды. Дегенмен солтүстік-шығысындағы қосалқы құрылысқа қарағанда мешіт-медресе қызметін атқарған болуы да ықтимал. Ол келешектің зерттелетін жұмысы. Мешіттің орны екендігін дәлелдейтін басты көрініс ашық-алаң жаққа мешіттің алды қаратылған. Оның себебі жұма күндері намаз оқуға жиналатын адамдардың барлығы мешітке симайтын болғандықтан адамдар алаңға да отыратын болған.
Ал қаланың батыс жағына жүргізілген №6-шы қазба кесінді 2 м яғни 4-ярус, екі құрылыс кезеңін анықтады. Алынған керамикалық т.б. материалдар XV-XVIII ғғ. жататындығы анықталды. Ал астыңғы мәдени қабаттар әлі зерттеуді қажет етеді.
Әдебиеттер:
1. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2009-2011 жылдарға жариялаған мемлекеттік «Мәдени мұра» гранты бойынша Мәдениет және ақпарат саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламасы аясында орындалған ортағасырлық Сығанақ қаласы ғылыми жобаның 2009 жылғы (аралық) есебі // А. Ясауи ХҚТУ АғЗО мұрағаты.
2. Акишев К,А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар (топография, стратиграфия, перспективы). -Алма-Ата, 1972.
3. Толстов С.П. Древний Хорезм. -Москва, 1968.
4. Н.Н. Вактурская. Хронологическая классификация средневековой керамики Хорезма (IX - ХҰИ вв.). Труды ХАЭЭ, т. ІҰ, М„ 1959.