Беғазы-Дәндібай мәдениеті
Орталық Қазақстанның кейінгі қола дәуірінің археологиялық мәдениеті. Ғылыми айналымға археолог, академик Әлкей Марғұлан енгізген. Дәндібай мен Беғазы қорымдарының атауымен берілген. Көрнекті ескерткіштері Беғазы, Дәндібай, Саңғыру, Айбас-Дарасы, Қаражартас, Бұғылы қорымындары, кент, Бұғылы, Доңғал қоныстары жатады.