Дәстүрлі мәдениет
Дәстүрлі мәдениет – әлеуметтік не этникалық ортада дәстүр негізінде қалыптасқан саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени қарым-қатынастар жүйесі. Осы жүйе негізінде әлгі әлеуметтік не этникалық қоғамдардағы тарихи сабақтастық жүзеге асып, кез келген ұлттың өзіндік бітім-болмысы сақталып қалады. Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаган өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет әзегін құрайды. Жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегөйлікке, сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ғасырлар бойғы күнделікті іс-тәжірибе негізінде сұрыпталған, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мәдени мирас қалдырудың және оны жалғастырудың жалғыз ғана жолы еді.