ЮНЕСКО

12.12.2022 16:15

ЮНЕСКО – (UNESCO – United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization) Біріккен Ұлттар Ұйымының ғылым-білім және мәдениет бойынша мәселелерімен айна­лысатын саласы (ұйымы). Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылған. Бас штаб-пәтері Парижде орналасқан. Қазір құрамында 162 мем­лекет мүшелік етеді. Ең басты мақсаты – ешкімді ұлтқа, ділі мен дініне бөлмей, ғылым-білім мен мәдениет сала­сында ортақ келісіммен бейбітшілік жә­не қауіпсіздікті орнату.