Есік қорғаны
Сақ дәуірінен сақталған Есік қорғаны Алматы облысы Есік қаласының маңында орналасқан. Ескерткіш ж.с.д. V-VI ғасырларға жатады. Ең көрнектісі – үлкен Есік қорымындағы 45 обаның алтауы қазылған. Алтыншы обадан әлемдік маңызы бар «Алтын адам» табылуы ғылым мен мәдениетке «Есік обасы» деген атпен енді. Алтын адамның киімі 4 мыңға жуық алтын әшекеймен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «аң стилінде» жасалған.