Андронов мәдениеті

09.12.2022 10:55

 Андронов мәдениеті — қола дәуірінде ж.с.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегінен бастап, ж.с.д. 1 мыңжылдықтың басында Батыс, Оңтүстік Қазақстан, Сібір мен Орталық Азияны мекендеген тайпалар мәдениеті. Ескерткіштердің тұңғыш рет 1914 ж. Ачинск қаласының маңындағы Андронов ауылы маңынан табылуына байланысты осылай атаған. Бұл мәдениет Орт.алық Қазақстанда мекендеген тайпалар арасына кең тараған. Ол таралған аймағына және өзіндік белгілеріне қарай үш тарихи кезеңге бөлінеді: ерте кезеңі — ж.с.д. 17-16 ғ-дағы Петров мәдениеті; орта кезеңі — ж.с.д. 15-12 ғ-дағы Алакөл-Атасу, Федоров-Нұра мәдениеттері; соңғы кезеңі — ж.с.д. 11-9 ғ-дағы Алексеев, Замараев, Сарығары, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері.