СӘ

Серік Әжіғали Ескендірұлы

Әжіғали Серік Іскендірұлы (1952 жылы туған, Алматы) – ғалым, археолог, этнограф, тарих ғылым докт. (1997), Маңғыстау, Үстірт, Каспий, Арал, Жем-Сағыз, Ұлы Қобда аймағының сәулет мұраларын зерттеуші. ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) тарих факультетін бітірген (1975). 1975 – 85 ж. «Қазжөндеу» ғылым-реставрация өндірістік бірлестігінде ғылым қызметкер, бөлім бастығы[1], «Казпроектреставрация» институтында сектор меңгерушісі, Республикалық кітап мұражайында бөлім меңгерушісі, 1985 жылдан Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография (қазіргі Тарих және этнология) институтында аға ғылым қызметкер. 50-ден астам ғылым еңбектің авторы. Басты еңбектері: «Ескерткіш – ел тарихы» (Ақтөбе, 1992), «Батыс Қазақстанның дәстүрлі зират, бейіт-ескерткіштері» (А., 1994). Ә. 1978 – 90 ж. Қазақстанның батыс аймағындағы бейіт-зираттар дәстүрі, олардың өзіндік ерекшеліктері, оның туу себептері, көшпелілердің сәулет ескерткіштерін дамытудағы ерекше үлесі хақында зерттеулер жүргізген. Арал – Каспий өңірі сәулет мұралары тарихын зерттеумен айналысады.