Ғасырлар қойнауынан: көрме каталогы
Топтамада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорында сақталған, ерте темір дәуірінен бастап этнографиялық кезеңге дейінгі аралықты қамтитын Ұлы дала мәдениетінің ежелгі өнер туындылары ұсынылған. Жәдігерлер қатарында Есік обасынан табылған «Алтын адамның» киім әшекейлері, ортағасырлық Сайрам қаласына тиесілі алтын бұйымдар көмбесі мен қазақ халқының күмістен жасалған зергерлік өнер туындылары бар. Сонымен қатар Отандық ғалымдардың зерттеу мақалалары да қоса беріліп отыр.