ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУДЫҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУДЫҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Тарихи ескерткіштерді қорғаудың негізі ол нормативтік-құқықтық база болып табылады. Түркістан және Отырар оазистерінің тарихи ескерткіштері қазақ халқының өткен дәуірлердегі материалдық және рухани өмірінің келбеті, еліміздің қалыптасуы мен дамуы және көп қырлы тарихының белгісін құрайды. Сол тарихи ескерткіштерді қорғау мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық бірлестіктердің басты міндеттерінің бірі болып саналады. Тарихи ескерткіштерді қорғау міндеттемелері ҚР Конституциясында, ҚР «Мәдениет туралы» заңында, ҚР «Жер кодексінде», ҚР «Қала құрылыс кодексінде», ҚР Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және пайдалану ережелерінде қарастырылады. Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Қазақстан Республикасының
азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті» деп көрсетіледі.