ҚАЗАҚТЫҢ ОТТЫ ҚАРУЛАРЫНЫҢ ТАРИХЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ОТТЫ ҚАРУЛАРЫНЫҢ ТАРИХЫ

Монография қазақтарда отты қарудың таралуы, қолданылуы және дамуы тарихын зерттеу- ге арналған. Алғаш рет бұл еңбекте отты қарудың Қазақстан территориясында қолданысқа енген уақыты зерттеліп, қазақтарда қолданылған бұл қарудың түрлері, отты қаруды атуға қажетті жабдықтар мен құралдардың типтері мен үлгілері қарастырылады. Кітапта әртүрлі сипаттағы көптеген тарихи дереккөздердің негізінде қазақтардың мылтықты ату тәсілдері, жаппай атыс жүргізу әдістері мен соғыста мылтықты қолдану тактикалары және мылтық атысынан қорғану жолдары көрсетілген. Сонымен бірге өткен ғасырларда соғыс кезінде қазақ әскерінің мылтықпен жабдықталу деңгейі, қазақтардың мылтықты жасау технологиясы мен оларды әшекейлеу техникалары зерттелген. Кітап жоғары көркемдік деңгейде безендіріліп, музей коллекцияларындағы қазақ мылтықтарының, оның жабдықтарының фотолары мен өнер ескерткіштеріндегі суреттері сияқты көптеген иллюстрациялық материалдармен толық- тырылған.
Кітап тарихшыларға, этнографтарға, қару зерттеушілерге, бейнелеу өнері, кино, театр са- ласындағы мамандарға және қазақтардың отты қаруының тарихын танып-білуге ұмтылған жалпы оқырмандарға арналған.