Ұлы Дала: тарих пен мәдениет
Топтамада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде сақталған, Ұлы Дала мәдениетінің құнды қазынасы болып табылатын ежелгі жәдігерлер туралы ақпарат ұсынылған. Энеолиттен этнографиялық кезеңге дейінгі аралықты қамтитын әртүрлі бұйымдар дала өркениетінің ерекшелігін көрсетеді. Ұлы Дала тарихындағы жылқының рөліне ерекше назар аударылды. Топтама беттерінде ұсынылған заттар бірнеше мыңжылдықтар бойғы ат әбзелдерінің даму эволюциясын көрсетеді. Топтама осы тақырыпты зерттеуші жетекші маман - ғалымдардың ғылыми мақалаларымен сүйемелденді.
Топтама Қазақстанның мәдени мұрасын зерттеу мен насихаттау бағытындағы археологтарға, этнографтарға, тарихшылар мен мәдениеттанушыларға және осы мәселелермен айналысатын барлық қызығушыларға арналады.