Ұлы Дала: тарих пен мәдениет

Ұлы Дала: тарих пен мәдениет

Топтамада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорында сақталған, энеолиттен этнографиялық кезеңге дейінгі аралықты қамтитын Ұлы дала мәдениетінің өнер туындылары ұсынылған. Жәдігерлер қатарында энеолиттік Ботай қонысынан, ерте темір дәуірінің Есік обасынан табылған «Алтын адамның» киім әшекейлерінен бастап қазақ халқының күміс жауһарлары бар. Сонымен қатар Отандық ғалымдардың зерттеу мақалалары да қоса беріліп отыр.
Топтама Қазақстанның мәдени мұрасын зерттеу мен насихаттау бағытындағы археологтарға, этнографтарға, тарихшылар мен мәдениеттанушыларға және осы мәселелермен айналысатын барлық қызығушыларға арналады.