Бұл жөнінде Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.






Мұражайдың қорында көптеген құнды жәдігерлер жиналған. Мәселен, мұнда аты аңызға айналған режиссер Сергей Эйзенштейннің камерасы, Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» фильміндегі Жібек пен Төлегеннің киімдері, Асанәлі Әшімов пен Цой Гук Иннің -«Шоқан Уалиханов» фильміндегі Сағи Әшімовтың костюмі, Рүстем- Әбдірашевтің «Қазақ хандығы», «Алтын тақ» және Ақан Сатаевтың «Томирис» сынды кинотуындыларда қолданылған костюмдер қойылған.

Ал мұражайдың мақтанышы – Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың қайта жасақталған жұмыс кабинеті. Мұнда қазақ киносының классигі – Шәкен Аймановтың әуестікпен жинаған коллекциясы мен өзі қолданған жеке заттары қойылған.

Іс-шара барысында ҚР Ұлттық банкі өкілі мұражай қорына Шәкен Аймановтың 100 жылдығына және қазақ анимациясының 50 жылдығына орай шығарылған номиналдары 500 теңгелік екі ескерткіш күміс монеталарды тапсырады. Сондай-ақ мұражай қорына «Қазпошта» АҚ «Қазақ анимациясына 50 жыл» тақырыбында шығарған пошталық марканы сыйға тартатын болады.