ЗерттеулерҚазақ архаелогиясы

Қарағандыда Болған ана кесенесінен табылған археологиялық олжалар таныстырылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Қарағанды облыстық тарих-өлкетану мұражайында қазан айында Қарағанды облысының Ұлытау ауданында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары кезінде табылған құнды олжаларды таныстырды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасаған хабарлайды.

Археологиялық қазба жұмыстары Болған ана кесенесінде жүргізілген. Қазба жұмыстарының барысында ақсүйек тұқымнан шыққан әйелдің сүйектері табылған. Алдын ала болжам бойынша, бұл әйел Жошы ханның туысы болған.

«Әйел Болған ана кесенесінің орталық бөлігінде жерленген. Қазба жұмыстарының барысында қабір табылды. Оның ұзындығы 2,20 метр, ені 1,20 метр, тереңдігі 2 метр, 35 сантиметр. Бастапқыда ағаш саркофагта жерленген адамның қаңқа сүйегі шықты. Өкінішке қарай, саркофаг қираған. Тазарту кезінде сондай-ақ әйелдің бас жағына қойылған алтын кесе, иық тұсынан сырға, сондай-ақ қабірдің ішінен мата қалдықтары және былғары аяқ киім табылды.

Тегтер

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Close
Close