Өзекті

Қазақстан археологиясын дамыту тарихы

Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметтер орта ғасырлардағы ғалымдар мен тарихшылар, географтар мен саяхатшылардың еңбектерінде кездеседі. Олар өз еңбектерінде өздері тікелей көзімен көрген немесе өздеріне айту бойынша мәлім болған әдеттен тыс заттар, бейнелер, өз замандарынан көп бұрын болған қалалар мен қоныстардың жұрттарын, оқиғаларды айтып кеткен.

Қазақстанның өткендегісін ғылыми зерттеуде I Петрдің көне мұраларға ұқыпты қарауға, оларды суреттеу мен жинауға әмір берген жарлықтары, сондай-ақ оның бастамасы бойынша Сібірді және Ресейге жапсарлас жатқан Қазақстан жерін зерттеу мақсатымен колданылған шаралар маңызды рөл атқарды. Осы әрекеттердің нәтижесінде 1707 жылы Тобыл боярының ұлы С.Ремезов жазған «Сібірдің сызба кітабы» жарық көрді. Онда географиялық деректермен катар, қазақ даласының археологиялык ескерткіштері туралы мәліметтер де келтірілген.

Келесі археологиялық қызықты мәліметтер 1733 жылы Сібірге академик Г.Ф. Миллердің басқаруымен жасалған бірінші академиялық экспедицияның есептерінде айтылған. Экспедиция құрамында белгілі ғалымдар Л. Делаклоер, И. Фишер, геодезистер А. Красильников, А. Иванов, М.Ушаков жұмыс істеген еді.

Қатысты мақалалар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Close
Close