2004-2006 қазба жұмыстарын жүргізу маусымында Сауран қаласының орталық алаңынан медресенің орнын білдіретін объектінің үлкен бөлігі аршылды.

Үйінді қабатының астында солтүстік мұнараға келіп қосылатын учаске мен медресе құрылыс орнының оңтүстік-батыс бөлігі жатыр, онда 2007 жылы маусымда іздестіру жұмыстары жалғасты. Медресенің оңтүстік-батыс бөлігіндегі қазбаның алаңы 206 шаршы метрді құрайды. Үйіндінің астында 7 құжыра және медресенің оңтүстік-батыс қанатының дәлізі көміліп қалған. Оны тазалау кезінде күйдірілген кірпіш сылақ бөліктері және төбе жабынының бөлшектері кездесті. Құрылымдардың сақталуы өте нашар, өйткені ғимарат кірпіштері құрылыс салуға бұзылып алынған. Бөлмежайды бөлетін кейбір қабырғалар түбіне шейін бұзылып алынған. Олардың орналасқан жерін қалың төселген еден іздері мен қалдықтары көрсетеді. Бөлмежайдың өлшемі 3,20x2,75 м. Бөлмежайлар мен дәліз солтүстік- шығыс қанатқа қарама-қарсы бөлмежайларға қатаң симметриялық түрде орналасқан. Тар дәліздің жанында көшеге шығатын есік бар. өтетін жердің ені - 85 см, барлық бөлмежайларда кіреберісте әртүрлі деңгейде сақталған тереңдетілген ташнау алаңы, ошақ-сандалдар болғаны айқындалды. Жақсы сақталған бөлмежайларда да оңтүстік бұрыштан пештер табылды. Пештердің аузы ташнауы бар алаңға қаратылған. Түтін жолдары бөлмеге тікесінен орнатылған құдық арқылы жүргізілген. Бөлмежайлардың қабырғаларында, сондай-ақ қуыстар бар. Олардың бірі бұрыштағы бөлмежайда сақталған.

Егер, ташнауы бар алаң және қуыстар бөлмежайларда әуелгі бастан болса, пештер, ошақ-сандалдар және суфалар кіреберісте бөлмежайды пайдалану кезінде кейіннен пайда болған. Барлық бөлмежайларға жөндеумен кейіннен салынған құрылыс бөлшектерінің іздері байқалады. Едендердің бірнеше мәрте қалыңдатылғаны анықталды (3-4 кезең). Бөлмежайлардың бірінен әр кезеңге жататын бір-біріне тығыз орнатылған ошақ-сандалдар табылды. Бөлмежайда дәлізге солтүстік-батыс жағынан сол жақтағы кіреберісте тандыр

орнатылған. Медресеге кірер жердің солтүстігіндегі үйінділерді таза- лауда солтүстік мұнараның негізі табылды. Өткен жылдарда жасалған қазба жұмыстары нәтижесінде цокольдің үстінен шығатын мұнара негізінің төрт жоғарғы қатары анықталды. Цокольдің астында биіктігі 1 м 11 қатар кірпіш өрілген. Мұнара негізінің диаметрі шамамен 3,3 м. Мұнараның төменгі бөлігі доға күйінде қаспеттік қабырғадан шығады. Екінші бөлігі қаспеттік қабырғаға орнатылған және портал тұтас қалауымен өрілген. Мұнараның сұлбасы төбеге дейін жеткен, ал одан кейін бұранда баспалдақ арқылы көтерілген. Мұнараға төбе арқылы шыққан. Қабырғада төбеге шығатын баспалдақтар құрылыстың шығыс бетінде сақталған.

Мұнаралар іргетасқа тікбұрышты негізде тұрғызылған. Оңтүстік мұнараның орнында 2005 жылғы маусымда аршу жұмыстары жүргізіліп, тікбұрышты құрылым анықталды, сазға көп күл (қыр) қосылып, құйылған күйдірілген кірпіштердің көлемі 23-25x23-25x5-6 см, аталған құрылым осындай кірпішпен тұтастай қаланып шыққан. Тік-бұрышты өлшемі 3,5x2,75 м кірпіш қаланған. Оның негізі тас табалдырық деңгейінен 2 метр тереңдікте жатыр, яғни құрылыстың еден деңгейінен 3 метр тереңдікте және 1,75 м биіктікте сақталған. Солтүстік мұнараның астынан, сондай-ақ мұнараның негізінен 1,3 метр тереңдікте орныққан іргетас табылды. Іргетас одан әрі қарай жіңішкеруі де мүмкін. Іргетас үшін төменде жатқан мәдени қабатты кесіп өтетін шұңқыр қазылды. Төменгі қабаттарды төрт-төрттен топтастырып, шахмат тәртібімен орналастырылған қабырғасынан қойылған кірпіштер құрайды. Кірпіштердің арасында бекітуші ерітінді жоқ, тек су мен күлдің қоспасы құйылған. Содан кейін күйдірілген кірпіштің алты қатары өрілген, онда оның ерітіндісінде күлдің құрамы көп. Бұдан кейін тағы бір қатар кірпіш қабырғасынан қойылған, бүл да жоғарыда айтылғандай тәртіппен өрілген. Ең соңында бес қатар кірпіш жалпағынан қаланған. күлмен араластырылған ерітінді іргетасты қалауда гидроизоляциялау материал ретінде пайдаланған болуы керек. Қабырғасынан қойылған ерітіндісіз екі қатар қойылған кірпіш сейсмобелдеудің міндетін атқарған.

Жоғарыда айтқанымыздай, қазылған шұңқыр төменгі құрылыс қабатын кесіп өтті. Іргетасты қазу кезінде солтүстік-батыс қаспеттен 0,7 м жерде 0,5 м тереңдікте тандыр және көлбеу күйдірілген науа түріндегі түтін жолы табылды. Шикі саздан жасалған құрылыс қалдықтары, сондай-ақ 26 және 27 бөлмежайлардың арасындағы бұзылып алынған қабырғалар мен пилонның орнында жасалған шурфта табылды. Шурфтың өлшемі 2x2 м. 0,5 м тереңдікте шикі кірпіштен қаланған құрылым табылды, оның анықталған тереңдігі 1,2 м. Шикі кірпіштен жасалған қабырғаның негізінде борпылдақ қарашірік (гумус) толтырылған шұңқырдың аузы бар екендігі анықталды. Онда ХҮ

ғасырға жататын жылтыратылған және жылтыратылмаған керамиканың бірнеше бөліктері табылды.

Медресенің қасбетті қабырғасы алдында, кіретін баспалдақтың екі жағында, күйдірілген кірпіштен екі қатар етіп өрілген контурлы қабырғаның алаңы бар. Алаңның өлшемі 12x7 м. Биіктігі 1 метрге көтерілген, іші құрылыс қоқыстарымен толтырылған. Бет жағында тұтас және сынған кірпіштер қаланған. Солтүстік алаңның солтүстік- шығыс шетінде қабырға кейіннен кесіліп алынған, тұйық бұрышпен медресенің солтүстік бұрышына келіп тіреледі.

Медресе тікбұрышты жобада салынған, өлшемі 31,5x28 м, құрылымы - симметриялық аула түрінде, басты кіретін қақпасы порталмен бөлінген. Оның екі жағында екі мұнара орналасқан, бүл солтүстік-батысқа қаратылған. Вестибюльдің салтанатты бөлігінде екі сегіз қырлы бөлмежайлар бар, олардың шығатын жерлері аулаға қаратылған. Вестибюльдің солтүстік бөлігі арқылы үлкен бөлмеге кіретін болған, ал оңтүстік бөлмежай мешітке кіретін өтпе бөлме болғанға ұқсайды, өкінішке орай ол толықтай бұзылған. Екі айваны бар аула он алты тұрғын бөлме құжыралармен қоршалған. Құрылыс жобалауы бойынша ішкі үлкен ауласы бар құрылыс аталған типке жатады, оның айналасында оқу және тұрғын үй бөлмежайлары жайғасқан.

Сонымен, 2004-2007 жж. кезеңде Сауранның орталық қоғамдық ғимараттарының бір болып табылатын медресе қазылды.