Ұлы Дала: тарих пен мәдениет

Ұлы Дала: тарих пен мәдениет

Кітап ж.с.д. IV мыңжылдықтан бері Ұлы Даланы мекен еткен тұрғындардың шикізатты алу мен өңдеу тәсілдері, әртүрлі бұйымдарды жасау технологиясы мен оларды қайта жаңғырту мәселелеріне арналған.

Каталогқа Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде сақталған, тас, ағаш, сүйек, тері және киіз, металл, әйнек бұйымдар топтамасы еніп отыр. Оған қоса аталған кезеңдер мен тақырыпқа қатысты отандық ғалымдардың зерттеулері қоса берілді.

Түрлі-түсті басылым Қазақстанның мәдени мұрасын зерттеу мен насихаттау бағытындағы археологтарға, этнографтарға, тарихшыларға, мәдениеттанушыларға, музей саласының қызметкерлеріне және осы мәселелермен айналысатын барлық қызығушыларға арналады.