Ұлттық музейге қайта қалпына келтірілген тарихи жәдігерлер сыйға тартылды

Ұлттық музейде трихи мәнді шара өтті. Нақтырақ айтқанда, музей қорына қайта қалпына келтірілген археологиялық жәдігерлер табысталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Шара барысында «Қазреставрация» мекемесінің ежелгі заман заттары мен ескерткіштерін қайта қалпына келтіру және консервациялау жұмыстары таныстырылды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген мәдени шараны Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырды. Мұражайға табысталған ежелгі мұралар «Өткен күнгі бейнелердің бүгінгі көрінісі» көрмесіне қойылды. Сонау ерте сақ заманынан бастау алатын 3 мың жылға таяу ұзақ тарихты қамтитын жәдігерлер көрген адамды әсерге бөлемей қоймайды. Берел қорғанынан қазып алынған заттар арасында қару-жарақ, ат әбзелдері, әшекей бұйымдар мен түкті кілем, ағаштан жасалған түрлі тұрмыстық бұйымдар бар.

Жиынға қатысқан Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізіліп отырған шараның маңыздылығына тоқталды. Халхымыздың тарихын қайта қалпына келтіру, ежелгі тарихи-мәдени мұраларды жаңғырту, реставрациялау мақсатында біраз еңбектер атқарылып жатқанын айтқан министр осы күрделі, жауапкершілігі мол жұмыс жолында еңбек етіп жүрген ұжымға, әсіресе, тарихшы, археолог ғалым Зейнолла Самашевқа, суретші, танымал реставратор Қырым Алтынбековке алғысын білдірді.

Келесі кезекте сөз алған Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай мұражай тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды қысқаша баяндады. Мекеме басшысының айтуынша, музей Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен ғылыми орталыққа айналу жағына баса мән береді.

«Тарих қойнауынан сыр шерткен Қазақстан», «Музейге сый тарту» жобалары осы айтылған бағыттарды жандандыруда өзіндік роль атқарды. «Консервация ғылыммен бірге жүретін жұмыс. Сондықтан, ғалымдармен тығыз байланысты ұстай отырып, осы бағыттағы бастаманы әрі қарай жалғастыру керек. Музейдің ғылыми зерттеу институты да қолғабыс етіп, бірге жұмыс істеуге әзір. Бүгінгі музейге табысталып, көрмеге қойылған заттар Ұлттық музейден лайықты орын алады», — дейді Мұражай директоры.

Мәдени шараға қоғам қайраткері, Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов, тарихшы, түрколог Қаржаубай Сартқожаұлы бастаған зиялы қауым өкілдері және мұражайға келген көпшілік қауым қатысты. Сонымен бірге, көрмеде «Остров Крым» ғылыми қайта қалпына келтіру зертханасының реставраторлары  органикалық артефактілерді алғашқы қайта қалпына келтіру бойынша практикалық сабақ жүргізді.

 

Толығырақ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close