ТҮРКІСТАНДА СӘУЛЕТШІЛЕР БАС ҚОСТЫ

Түркістанда Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында «Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында «Түркістан шехренгизі» атты шара өтті.
Шараны ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы, Түркі әлемі инженерлер мен сәулетшілер одағы және   Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті бірлесіп ұйымдастырды.
«Шехренгиз» сөзі ортағасырлық түркі мұсылман жұрттарында, отырықшы халықтарда қолданылып, кейін ұмыт болған, қазіргі тілмен айтқанда «Қала күні» ұғымына жақын мағына беретін сөз. Ортағасырлық мұсылман елдерінің қалаларында арнайы бір күнді осылай атап, сол күні қаланың болашақ дамуына, сәулет нысандарына қатысты мәжілістер өткізіліп, жиын соңы мүшәйраларға, түрлі өнер сайыстарына ұласатын болған. Бірнеше жылдан бері Түркиядағы Түркі әлемінің инженерлер мен сәулетшілер одағы осы дәстүрді қайта жандандыруға күш салуда. «Қашғардан Андалусияға дейінгі түркі мұсылман қалалары» атты бұл мега-жоба аясында бұған дейін де әлемнің бірнеше қаласында дәл осындай шаралар өткізілді.
«Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесін алған Түркістан қаласын қолдау мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға Түркиядан қырықтан астам делегат қатысып, қасиетті қаланың болашақ дамуына қатысты, өз ой пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, жиынға ТҮРКСОЙ, ТүркПА, Түркі Академиясы секілді түркітілдес халықтардың ортақ интеграциялық халықаралық ұйымдарының өкілдері келді.
Жиын барысында сөз алған Түркі әлемі инженерлер мен сәулетшілер одағының Бас хатшысы Илияс Демирджи «түркиялық сәулетшілер Түркістан қаласының дамуына қатысты кез-келген сәулет-құрылыс жобаларының әзірленуі мен құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне қолдан келер көмектерін беруге дайын. Тіпті, нақты ұсыныстар болса, инвесторларды тартуға да мүдделіміз»,-деді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close