ОҚО диқандары 600 мың тоннаға жуық дәнді дақыл жинады

Оңтүстік Қазақстан облысында дәнді дақылдарды жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Биыл облыс диқандары астық өсіруде озық технологияларды, оның ішінде терең қопсыту әдісін қолданудың арқасында мол өнімге қол жеткізді. Мәселен, облыс бойынша 258,8 мың  гектар жерге егілген  дәнді дақылдан шаруалар 589 мың тонна өнім алған, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттің қолдауы мен шаруалардың еселі еңбегінің арқасында биыл қамбаға 400 мың тоннаға жуық астық құйылды. Оның ішінде 345 мың тоннасы бидай болса, арпа 52 мың тонна. Одан өзге биыл дәндік жүгеріден гектарына 47,6 центнерден өнім алынып,  178 мың тонна жүгері жиналды.

Сырдария өзенінің сағасында орналасқан Мақтарал мен Шардара аудандарының дихандары 2,2 мың га жерге күріш егіп, одан гектарына 64,5 центнерден өнім алып, 14 мың тоннаға жуық күріш жинады. Осылайша биыл облыс бойынша дәнді дақылдардың көлемі  589 мың тоннаны еңсерді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close