Ордабасы сақ заманынан қасиетті саналған

Сонымен бірге қасиетті төбеде бұдан екі жарым мың жылдай уақыт бұрын жерленген сақ тайпаларының 300-ге жуық қорған бейіттерінің бар екені мәлім болды.

Археологтардың пайымдауынша, біздің дәуірімізге дейінгі өмір сүрген сақ тайпалары өздерінің ұлы көсемдерімен ұлы адамдарын осы өңірге әкеліп жерлеп отырған екен. Сондай ақ, гранит тастарға салынған бедер – суреттер петроглифтер де кездеседі. Міне, осындай археологиялық ескерткіштер жиынтығы орналасқан Ордабасы тауы ежелден ақ қасиетті мекен екендігін дәлелдейді. 1726 жылдың көктемінде Қазақ халқының дана билері Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ұйғаруымен осы Ордабасы тауында Ұлы жиын өткізіліп, халқымыз жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық майданын ашуға ортақ шешім жасап, ұлт болып бірігуге бәтуаласты. Сол жиында Қазыбек бидің ұсынысымен кіші жүз ханы Әбілхайыр қазақ әскерінің бас қолбасшысы болып сайланып, Қанжығалы Бөгенбай батыр ұрыс туын көтерді. Осы бірігудің арқасында қазақ жасағы 1727 жылы Бұланты мен Білеуті өзені бойындағы «Қара сиыр» деген жерде қалмақ жасағына ойсырата соққы беріп, алғашқы жеңіске жетті. Міне содан бері ол жер «Қалмаққырылған» деген атпен тарихта мәңгі қалған. Биыл Оңтүстік қазақстан облысы әкімдігі тарапынан Ордабасы тауын тарихи-мәдени орталыққа айналдыру үшін қазынадан 1 млрд. 200 млн. теңге қаржы қарастыру жоспарланып отыр. Облыс басшысы Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен қасиетті мекенге қазақтың атақты үш биі Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ескерткіштері орнатылмақ. Туристер келіп тамашалайтындай абаттандыру жұмыстары жүргізілмек. Жуыврда өңір басшысы Ордабасыға арнайы барып, тиісті сала жетекшілерімен жаңа жобаның нобайын талқылады. Облыс әкімі ұсыныстарды тыңдап, өз ойын ортаға салды. «Ордабасы тауы – халық келіп рухани тынығатын, рух жинайтын, ойын тазартатын орын болуы керек. Салуға тиісті ескерткіштің де еңселі болуы қажет. Сонымен қатар, ашық аспан астындағы амфитеатр болуы тиіс. Келуші туристерге де жағдай жасап, арнайы естелік сыйлықтар сататын дүкендер ашу керек. Болашақта халықтың мұнда кең даланы тамашалап, таза ауамен тыныстап, демалып қайтқаны дұрыс болар еді. Халқымыздың жаратылысында кең дала ерекше маңызға ие екендігін білесіздер. Сондықтан да осындай далаға және биіктікке шыққанда жанымыз айрықшы жігерленіп, руxтанып кетеді. Бұл ұлтымыздың ерекшелеу болмысын қайта түлету үшін қасиетті Ордабасы тауын осындай руx алатын орынға айналдырғанымыз абзал болар еді» деді Жансейіт Түймебаев. Сондай-ақ, облыс әкімі 1993 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ордабасыда түркі тілдес үш елдің басшыларының басын қосқанын айтты. Айта кетерлігі, алдағы жылы бұл датаға 25 жыл толады. Бұдан бөлек, өңір басшысы 1 мың гектар аумақты алып жатқан қастерлі жердің кіре берісіне жол мен демалыс орындары, дәмханалар салынатынын атап өтті. Сонымен қатар, тиісті басқарма басшыларына аталған жобалар 2018 жылы толық аяқталуы қажеттігін тапсырды.

Дереккөз:e-history.kz

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close