Маңғыстау облысы

Жолқұдық – құдық. Маңғыстау ауданында орналасқан. Атау жол (зат есім) және құдық (зат ееім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Көне түркі тілінде жул – «жылға, бұлақ». Мағынасы: «жылғалы, бұлақты құдық».

Жосалы – төбе. Абсолютті биіктігі – 268 метр. Қарақия ауданында орналасқан. Жоса – «қызыл-сары түсті бояу топырақ». Төбе маңында жосаның көп болуымен байланысты аталған.
Жусандыой – құдық. Қарақия ауданында орналасқан. Атау жусанды (сын есім) және ой (зат есім) сөздерінін бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жусан қалың өскен ойдан қазылған құдық».
Жұмаәулие – қорым. Маңғыстау ауданында орналасқан. Антропонекроним. Жұмабай – Адайдың Тобыш-Бектеміс атасынан шыққан әулие адам.
Жүзадым – құдық. Оңтүстік Үстіртте орналасқан. Маңғыстау ауданында орналасқан. Атау жүз (сан есім) және адым (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Тереңдігі жүз адым шамасында болуына байланысты аталған.
Жүзадыр – құдық. Қарақия ауданы, Батыс Үстірт кемерінің шығыс бөлігінде орналасқан. Атау жүз (сан есім) және адыр (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Құдык теңіз деңгейінен 200 метр биіктіктегі жазықта орналасқан. Сол себепті атаудың мағынасы: «дөңесті, белесті, биік жердегі құдық» тәрізді.
Жыланды – мүйіс. Қарақия ауданы, Каспийдің шығыс жағалауында орналасқан. Атау жыланның сол жерде көп болуына байланысты қойылған.
Жылқыбай – қорым. Түпқараған ауданында орналасқан. Антропонекроним. Қорым XVIII-XIX ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген сәулетші шебер – Жылқыбай Доралұлының атымен аталуы мүмкін делінеді.
Жылқышы – тау. Биіктігі – 183 метр. Қарақия ауданында орналасқан. Жылқышы деген құс атауы кездеседі. Соған байланысты атаудың мағынасы: «жылқышы құсы көп кездесетін тау» болуы мүмкін.
Жылыбауыр – қора, коныс. Маңғыстау ауданында орналасқан. Атау жылы (сын есім) және бауыр (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қыратты жердің ой жағындағы жылы, ық жері».
Жылымшық – құмды алқап. Маңғыстау ауданы, Бозашы түбегінде орналасқан. Мағы­на­сы: «ауасы не құмы жылылау құмды алқап».
Жыңғылды – ауыл. Маңғыстау ауданында орналасқан. «Жыңғыл қалың өскен жердегі ауыл».
Жыңғылдықапы – сай. Маңғыстау ауданында орналасқан. Атау жыңғылды (сын есім) және қапы (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жыңғыл қалың өскен тау аңғарындағы сулы сай».
Жыңғылдысай – сай. Маңғыстау ауданында орналасқан. Атау жыңғылды (сын есім) және сай (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жа­салған. Мағынасы: «жыңғыл қалың өскен сай».
Жыңғылдыой – сай. Бейнеу ауданында орналасқан. Атау жыңғылды (сын есім) және ой (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жыңғыл қалың өскен сай».
Жыңғылой – қоныс. Қарақия ауданында орналасқан. Атау жыңғыл (зат есім) және ой (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жыңғыл қалың өскен ойдағы қоныс».
Жырықбұлақ – бұлақ. Маңғыстау ауда­нын­да орналасқан. Атау жырық (сын есім) және бұлақ (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жерді жырып ағып жатқан бұлақ».
Жіңішкекебір – сор, қоныс. Бейнеу ауданында орналасқан. Атау жіңішке (сын есім) және кебір (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жіңішке келген кепкен сортаң жер».
Жіңішкеқұмақ – қоныс. Маңғыстау ауданында орналасқан. Атау жіңішке (сын есім) және құмақ (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жіңішке келген ұсақ төбешікті, жартылай өсімдік басқан құмды қоныс».
Ижесор – сор. Қаракия ауданында орналасқан. Мағынасы: «ылғалды сор».
Изен – шатқал. Мұнайлы ауданында орна­ласқан. Изен – «жіңішке жапырақты алабұта тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік». Мағынасы: «изен шөбі қалың өскен шатқал».

«Маңғыстау облысының
топонимиясы» кітабынан

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close